NUR
Марқа 15
1Таң атысымен-ақ басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері, яғни бүкіл Жоғарғы кеңес, ақылдасып, шешім қабылдады. Олар Исаны байлатып, римдік әмірші Пилатқа алып барып, табыс етті.
2Пилат Исаға: — Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деген сұрақ қойды. Иса: — Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді.
3Басты діни қызметкерлер Исаға көптеген айып тақты.