NUR
Матай 13
1Сол күні кейінірек Иса үйден шығып, көл жағасына барып отырды.
2Қасына жиналған халықтың көп болғаны сонша, Иса қайыққа мініп, соған жайғасты. Ал барша халық жағалауда тұрды.
3Иса оларға мынау сияқты астарлы әңгімелермен көп тәлім беріп былай деді: «Бір диқан тұқым себуге шығыпты.