NUR
Лұқа 14
1Иса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды.
2Кенеттен Оның алдына шемен ауруына ұшыраған біреу келді.
3Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды: — Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма?