NUR
Лұқа 10
1Содан кейін Иеміз Иса тағы басқа жетпіс шәкіртін таңдап алып, оларды Өзі баратын барлық қалалар мен ауылдарға Өзінен бұрын екі-екіден жіберді. Иеміз шәкірттеріне былай деп тапсырма берді:
2— Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!
3Ендеше барыңдар! Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қозылар сияқты жіберіп отырмын.