NUR

Леуіліктер 3

1Егер біреу Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандыққа еркек не ұрғашы мүйізді ірі қара малдан ұсынса, онда Жаратқан Иенің алдына еш мінсіз бір малды алып келсін.

2Адам құрбандығының басына қолын қойсын. Оны кездесу шатырының кіреберісінде шалсын. Діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдары малдың қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын.

3Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдірген осы құрбандығынан Оған мына бөліктерді өртеу арқылы ұсынсын: малдың бүкіл ішмайы мен шарбы майын,

Nur ilovasida to'liq o'qish →