NUR

Леуіліктер 24

1Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

2— Исраилдіктерге кездесу шатырындағы шамдардың сөнбей жанып тұруы үшін зәйтүннен сығып алынған таза майды алып келуді тапсыр.

3Шамдар кездесу шатырындағы ең қасиетті бөлменің және ондағы Келісім айғақтары (сақталған сандықтың) алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында орналасқан. Һарон осы шамдардың Жаратқан Иенің алдында күн батқаннан таң атқанша жанып тұруын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл — кейінгі ұрпақтарыңа да берілген тұрақты ереже.

Nur ilovasida to'liq o'qish →