NUR
Леуіліктер 22
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деп бұйырды:
2— Һарон мен оның ұлдарына мынаны жеткіз: Менің киелі есімімді қорламаулары үшін олар исраилдіктердің Маған бағыштайтын киелі тартуларына құрметпен қарайтын болсын! Мен Жаратқан Иемін.
3Оларға тағы былай деп ескерт: Егер болашақта өздеріңнен тараған діни қызметкер арамданған күйінде исраилдіктердің Жаратқан Иеге бағыштаған киелі тартуларына жақындайтын болса, ондай адамды Менің алдымнан аластату керек. Мен Жаратқан Иемін.