NUR
Жоқтау 1
1(Пайғамбар:) Беу, бір кезде халқы мол болған қала Жападан-жалғыз отыр қазір қалайша! Ол сыйлы болатын халықтар арасында, Ал енді жесірдей болды тым бейшара. Аймақтарды басқарған ақсүйек ханша Жай күңдей қазір ауыр жұмыс жасауда.
2Түнде ол еңіреп жылап жатады, Көз жасы бетінен төмен ағады. Ашына болғандардың ешқайсысы Жұбату үшін қасында қалмапты, Опасыз болып достарының барлығы да Айналып кетті оның жауларына.
3Көп азап шегіп, езгіге салынып, Яһуданың халқы кетті айдалып, Халықтардың арасын мекендейді, Ал сол жерде тыныштықты білмейді, Жау қуып жетті оны мүшкіл күйінде.