NUR
Яһуда 1
1Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі әрі Жақыптың туған інісі Яһудадан Құдай Әке сүйіспеншілікпен Өзіне бағыштап, қасиетті халқы болуға шақырған, Иса Мәсіх аман сақтап жүрген сенушілерге дұғай сәлем:
2Ол сендерге шапағатын жаудырып, амандық, тыныштық және сүйіспеншілікті молынан сыйлай көрсін!
3Сүйікті бауырластарым, мен бар ынтаммен бәрімізге ортақ құтқарылу туралы хат жазбақшы едім. Алайда Құдайдың Өзіне бағыштаған халқына біржола аманаттаған, бәріміз сенетін шынайы ілімін жан сала қорғауды ескертіп жазуымды қажет деп есептедім.