NUR
Ешуа 7
1Бірақ исраилдіктер Тәңір Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерге қатысты опасыздық жасаған еді. Ол былай болды: Яһуда руының Ахан есімді бір кісісі Жаратқан Ие тыйым салған кейбір заттарды иемденіп алды. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары исраилдіктерге қарсы лаулады. Ахан Қармидың ұлы, Забдидің немересі, Зарахтың шөбересі болатын.
2Бұл оқиғалардан кейін Ешуа біраз адамын Иерихоннан Ай қаласына жіберіп, оларға: «Айға барып, қаланы барлап келіңдер!» — деп тапсырды. Ай Бетелдің шығысында, Бет-Әбенге жақын жатқан болатын. Жіберілгендер Айға барып, барлап қайтты.
3Қайтып келген олар Ешуаға: «Сол қаланың халқы көп емес. Бүкіл әскерді Айға өрлетіп апарып, қалжыратудың қажеті жоқ. Екі не үш мың жасақшы жетіп жатыр», — деді.