NUR
Жүніс 4
1Алайда Жүніс бұған қатты ренжіп, ашуланды.
2Ол Жаратқан Иеге сиынып былай деді: — Уа, Ием, мен осылай болатынын елімде жүргенде-ақ айтпап па едім? Сондықтан да тездетіп Тарсиске қарай қаштым. Сенің рақымды да мейірбанды Құдай екеніңді білгенмін: Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың.
3О, Жаратқан Ие, енді жанымды ала гөр. Маған тірі жүргенше, өлген артық. —