NUR
Әйүп 2
1Құдайдың нөкерлері тағы бір күні Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге Оның алдында тұруға келді.
2Жаратқан Ие әзәзілге: — Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол: — Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді.
3Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ. Оны еш себепсіз құрту үшін Мені қанша түрткілесең де, ол өзінің кінәратсыздығын сақтап келеді, — дегенде,