NUR

Еремия 5

1— Иерусалимнің көшелерін олай да бұлай шарлап, жан-жаққа зер сала қарап, алаңдарынан да іздеңдер! Әділ іс істеп, шындықты ұстанушы бір адамды тапсаңдар, Мен бүкіл қаланы кешіремін.

2Олар: «Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен» деп ант еткеннің өзінде өтірік айтады.

3— Уа, Жаратқан Ие, Сен шыншылдықты талап етесің ғой! Сен оларға соққы берсең де, еш ауырсынбады, күйрете соққы берсең де, түзелуден бас тартты. Олар беттерін тастан бетер қатайтып қасарысып, күнәларына еш өкінбеді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →