NUR

Еремия 43

1Еремия бүкіл халыққа олардың Құдайы Жаратқан Иенің айтқан осы сөздерді түгелдей жеткізді. Себебі Жаратқан Ие оған бұл хабардың бәрін соларға жариялауды тапсырған еді.

2Сонда Хошаях ұлы Азариях, Қареях ұлы Жоханан және барлық басқа өркөкірек адамдар Еремияға қарсы шығып былай деді: — Жоқ, өтірік айтып тұрсыз! Құдайымыз Жаратқан Ие сізге: «Мысырға бармаңдар, сол жақта келімсек болып тұрмаңдар!» дегенді бізге арнап айтқызған жоқ!

3Расында Нириях ұлы Барух сізді бізге қарсы арандатып отыр. Ол бізді өлтірту үшін немесе Бабылға айдап әкеттіру үшін халдейлердің қолына тапсырмақшы.

Nur ilovasida to'liq o'qish →