NUR

Еремия 42

1Содан Қареях ұлы Жоханан, Хошаях ұлы Езаниях және басқа жасақ басшыларының бәрі үлкенді-кішілі бүкіл халықпен бірге

2Еремия пайғамбардың алдына келіп, былай деді: — Біздің өтінішімізді тыңдап, елде қалған бәріміз үшін Құдайыңыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз! Бұрын біз көп едік, енді өзіңіз көріп отырғаныңыздай азғантай ғана қалдық.

3Қай жолмен жүруіміз керек, не істеуіміз керек, соны бізге Құдайыңыз Жаратқан Ие көрсете көрсін. —

Nur ilovasida to'liq o'qish →