NUR
Билер 5
1Сол жеңіс күні Дебора және Абиноғам ұлы Барақ былай деп жырлады:
2Басшылар бастап шықты Исраилді, Халық өз еркімен бағышталып ерді, Мақтаңдар, содан Жаратқан Иемізді!
3Ей, патшалар, құлақ салыңыздаршы, Ей, билеушілер, тыңдаңыздаршы, Жаратқан Иеге жырымды арнаймын, Исраилдің Құдайына әнімді шырқаймын: