NUR

Билер 17

1Ефремнің таулы аймағында Миха есімді бір кісі тұратын.

2Бірде ол шешесіне: — Мен сіздің ұрланған бір мың бір жүз мысқал күмісіңіз туралы қарғыс айтқаныңызды естіп қалдым. Күмісіңіз менде, соны мен алған едім, — деді. Сонда шешесі: «Жаратқан Ие ұлымды пәледен сақтап жарылқай көрсін!» — деп жалбарынды.

3Осылай Миха бір мың бір жүз мысқал күмісті шешесіне қайтарып берді. Ал шешесі: — Мен осы күмісімді Жаратқан Иеге бағыштаймын. Одан ұлымның игілігі үшін бір тәңір мүсінін ағаштан ойдырып, тағы біреуін күмістен құйдырып жасатамын. Сөйтіп күмісті өзіңе қайтарып беремін, — деді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →