NUR

Билер 14

1Бір күні Самсон Тимна қаласына барып, сонда бойжеткен філістір қызына көзі түсті.

2Самсон әке-шешесіне қайтып келіп: — Мен бір філістір бойжеткенді көрдім. Барып, соны маған алып беріңіздерші! — деп сұрады.

3Бірақ әке-шешесі оған: — Сол құдайсыз філістірлерден барып әйел алатындай, өз руымызда, не бүкіл халқымызда қыз құрып қалды ма? — десе де, Самсон әкесінен: — Сол қызды маған алып беріңіздерші, ол маған ұнайды! — деп өтіне берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →