NUR
Ишая 5
1Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін: Досымның жүзімдігі құнары асқан Қыраттың беткейіне орналасқан.
2Досым оның топырағын қопсытып, Тазартты барлық тастардан арылтып, Таңдаулы бұталарды отырғызып, Күзетуге мұнара салды қойып. Жүзім шырынын таптап сығуға арнап Шұңқыр да жасап қойды әктастан қашап. Содан тәтті жемістің шығуын күтті, Жүзімдер бірақ ащы болып шықты!
3Сол себептен Досым мынаны айтады: «Ал, кәне, Иерусалим тұрғындары, Сондай-ақ Яһуда азаматтары, Бақша мен Өзімнің арамыздағы Дауымызға төрелік айтыңдаршы: