NUR
Ишая 40
1— Халқымды Менің жұбатыңдар, Көңілін оның орнықтырыңдар! — Дейді сендер сиынған Құдай Иең. —
2Иерусалимге жылы сөз айтыңдар, Мына хабарды оған жариялаңдар: «Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең, Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің! Себебі Жаратқан Иенің қолы саған Бар күнәңнің жазасын берді молынан».
3Жар салған дауыс шығады айдалада: «Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Құдайымызға арнап иен далада Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!