NUR
Ишая 39
1Сол кездері Бабыл патшасы Баладан ұлы Меродах-Баладан Езекия патшаның қатты ауырып қалып, сауықтырылғанын естіп, оған сәлемхаттары мен сыйлығын жіберді.
2Езекия келген бабылдық елшілерді жылы қабылдап, оларға өзінің қазына қоймаларын: ондағы алтын-күмісін, дәмдеуіштері мен құнды иісмайларын, тіпті бүкіл қару-жарақ қоймасын да түгелдей көрсетті. Езекияның өз сарайы мен барлық патшалығында оларға көрсетпеген бағалы заттары қалмады.
3Кейін Ишая пайғамбар Езекия патшаның алдына барып, оған: — Ана адамдар не деді, олар қайдан келді? — деген сауал қойды. Езекия: — Олар маған алыстағы елден келді, сонау Бабылдан, — деді. Пайғамбар: