NUR
Ишая 26
1Сол кезде Яһуда еліндегі халық мына жырды әндететін болады: «Біздің қала мықты, Құдайдың Өзі Қабырғалар мен бекіністер іспетті Оны құтқарып, қауіпсіз етеді!
2Айқара ашыңдар қала қақпаларын! Қалаға әділ халық ене алсын, Шынымен адал халық кіре алсын!
3Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.