NUR

Ишая 2

1Құдайдың Яһуда елі мен Иерусалим қаласы туралы Амос ұлы Ишаяға аян арқылы білдірген хабары:

2Кейінгі заманда Жаратқан Иенің Киелі үйі тұрған Сион тауы Бастысы болады бар тау-төбелердің, Бәрінен де оның атақ-даңқы Әлдеқайда жоғары болып қалады. Барлық халықтардың адамдары Соған қарай ағылатын болады.

3«Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің, Жақыптың халқы сиынған Құдайдың, Сион тауындағы киелі үйіне Өрлеп барайық барлығымыз, кәне! Сол жерде Жасаған Иеміз бізге Ақ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік, Оның әділ еркін орындай берейік!» Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп. Сөзін таратады тәлімін үйретіп Жаратқан Ие Иерусалимнен, Сиондағы өз киелі үйінен.

Nur ilovasida to'liq o'qish →