NUR
Ошия 3
1Бұдан кейін Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Бар, ашынасы бар, неке адалдығын бұзып келген әйеліңе қайтадан сүйіспеншілік көрсет. Дәл солай исраилдіктер бөтен тәңірлерге табынып, оларға мейіз бумаларын ұсынуды жақсы көрсе де, Мен, Жаратқан Ие, Исраил халқын әлі де сүйемін».
2Сонда Мен он бес мысқал күміс пен бір жарым қап арпа төлеп, әйелімді Өзіме қайтарып алдым.
3Оған былай дедім: «Сен ұзақ уақыт тек менімен бірге тұрасың. Енді ешкіммен ашыналық жасап, ешбір еркекпен жақындаспайсың. Мен де сенімен жақындаспаймын».