NUR
Ошия 2
1Сол кезде аға-інілеріңді «Өз-халқым», апа-қарындастарыңды «Рақым-көрген» деп атайсыңдар.
2«Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін.
3Әйтпесе Мен оны анадан жаңа туғандай етіп шешіндіремін де, иен даладай, қураған жердей қылып, шөлден қаталатып өлтіремін.