NUR
Жаратылыс 46
1Сонымен Исраил өзінің қасындағы барлық жұртын мал-мүліктерімен ертіп алып, жолға шықты. Ол Бер-Шебаға келгенде әкесі Ысқақ сиынған Құдайға арнап құрбандық жасады.
2Сонда Құдай оған түнде аян беріп: — Жақып! Жақып! — деп шақырды. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап қатты.
3— Мен Құдаймын, әкең мойынсұнған Тәңірмін. Мысырға көшіп барудан қорықпа, сенен сол жерде бір үлкен халық өрбітіп таратамын.