NUR
Жаратылыс 37
1Әкесі Ысқақ кезінде жат жұрттық болып өмір сүрген Қанахан елінде енді Жақып та тұрып жатты.
2Жақыптың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Он жеті жасар Жүсіп әкесінің әйелдері Балха мен Зилпадан туған ағаларымен бірге оның ұсақ малдарын бағысып жүрді. Бозбала бауырларының жаман іс-әрекеттері туралы жұрттың айтқандарын әкесіне жеткізетін.
3Исраил өзінің барлық басқа ұлдарынан гөрі Жүсіпті жақсы көрді, себебі ол оның қартайған шағында дүниеге келген еді. Әкесі оған әдемілеп өрнектелген, түрлі түсті ұзын шапан тіккізіп берді.