NUR
Жаратылыс 34
1Жақыптың Лиядан туған қызы Дина бірде сол жердің қыздарымен кездесу үшін үйінен шықты.
2Оны сол өлкенің әміршісі хевтік Хамордың ұлы Сихем көріп қалып, алып кетіп, зорлап тастады.
3Сихемнің көңілі Динаға қатты ауып, оған ғашық болып қалды. Содан жас жігіт бойжеткенмен жылы сөйлесіп, көңілін аулауға ұмтылды.