NUR
Жаратылыс 1
1Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.
2Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты; суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді.
3Сонда Құдай: «Жарық пайда болсын!» — деп бұйырды. Осылай жарық пайда болды.