NUR

Езра 9

1Осы нәрселер орындалып болғаннан кейін халқымның бірқатар басшылары маған келіп, былай деді: «Исраил халқы, соның ішінде тіпті бірнеше діни қызметкерлер мен леуіліктер де бар, елдегі бөтен ұлттық адамдардан бойларын аулақ ұстаған жоқ! Сол ұлттар ежелгі қанахандық, хеттік, перездік, ебустік, аммондық, моабтық, мысырлық, аморлық халықтарға ұқсас. Исраилдіктер сол бөтен ұлттардың жексұрын әдет-ғұрыптарынан сақтанып, бөлек жүрмейді.

2Өйткені олардың өздері және ұлдары бөтен ұлттардың бірсыпыра қызына үйленіп алған. Осылайша Құдайға бағышталған халық жалған тәңірлерге табынатын көршілес ұлттармен араласып кеткен. Мұндай опасыздықты алдымен істейтіндер — басшылар мен қызметкерлердің өздері!»

3Мен осыны естігенде қатты қайғырып, үстімдегі көйлегім мен шапанымның өңірін айыра жырттым. Сақал-шашымды жұлып, жаным түршіге есеңгіреп жерге отыра кеттім.

Nur ilovasida to'liq o'qish →