NUR
Езра 6
1Сонда Дарий патша бұйрық беріп, Бабыл патшалығындағы қазына қоймаларында сақталған мұрағаттарға іздеу салғызды.
2Содан Мидия аймағының астанасы Екбатанадағы қорғаннан төмендегідей жазуы бар бір кітап табылды: «Ескерілуге тиісті құжат.
3Кир патша өзінің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйі туралы мына жарлықты шығарды: Сол ғимарат құрбандықтар шалынып ұсынылатын орын ретінде қайтадан салынсын. Оның негізі қаластырылып, үйдің биіктігі мен ені алпыс шынтақтан аспасын.