NUR
Езекиел 14
1Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам маған келіп, алдыма жайғасып отырды.
2Сонда Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
3«Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе?