NUR
Мысырдан шығу 33
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып, былай деп бұйырды: «Өзің және Мысырдан бастап алып шыққан халқың бұл жерді тастап, әрі қарай жүріңдер! Мен «өз ұрпақтарыңа табыстаймын» деп Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа уәде еткен елге көшіп барыңдар.
2Сенің алдыңда жүріп отыратын періштені жіберемін, әрі қанахандықтар, аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді сол елден қуып шығамын.
3Періштем сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастап алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын. Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар, сондықтан сендерді жолшыбай қырып тастауым қажет болар еді».