NUR

Естер 8

1Сол күні Ахасуер патша яһудилердің жауы Хаманның сарайын Естер патшайымға сыйлады. Естер Мардохайдың өзіне кім болып келетінін айтып, Мардохай патшаның алдына әкелінді.

2Патша Хаманнан қайтарып алған мөрлі жүзігін шешіп алып, Мардохайға тапсырды. Сонымен қатар Естер Мардохайды Хаманның сарайы мен мал-мүлкінің үстінен қараушы етіп тағайындады.

3Естер қайтадан патшаның алдына барып, оның аяғына жығылып еңіреп жылады. Патшадан Агагтың ұрпағы Хаманның яһудилерге қарсы жасаған зұлым жоспарының бетін қайыруын өтінді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →