NUR

Уағыздаушы 9

1Сонымен мен осының бәрі туралы ойланып-толғанып мына қорытындыға келдім: Әділдер мен даналар және олардың істері де Құдайдың қолында. Адам өзін алда не күтіп тұрғанын: сүйіспеншілік пе, әлде жек көрушілік пе, соны білмейді.

2Бәрі де бірдей жайттарға тап болады екен: әділ мен зұлым, жақсы мен жаман, адал мен арам, құрбандық шалып ұсынатын әрі соны ұсынбайтын адамдар. Олар ізгі не күнәкар болсын, Құдайға уәде беретін не солай істеуден қорқатын болсын, барлығының тағдыры бірдей екен.

3Ал барлығының да осы өткінші дүниеде бірдей тағдырға ұшырайтыны — жанға бататын жайт! Сондай-ақ, адам баласының жүрегі зұлымдыққа кенеліп, өмір жолында ақымақтық жасайды. Содан кейін ол о дүниеге аттанып, өлгендердің қатарына қосылады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →