NUR
Уағыздаушы 7
1«Жақсы атақ қымбат иісмайдан артық, адамның өлген күні туған күнінен артық».
2«Жиын-тойға барғаннан азалы үйге барған артық. Өйткені өлім — барша адам баласын күтіп тұрған жайт. Тірілер мұны естерінде сақтап, соған лайықты өмір сүрсін!»
3«Қайғыру күлуден артық: жүзі мұңайғанның жан дүниесі жақсара түсер».