NUR
Уағыздаушы 5
1Тілің сөйлеуге тез болмасын! Құдай алдында бір нәрсені айтуға тым асықпа! Құдай көкте, ал сен жердесің, сондықтан да сөзшең болма!
2«Көп уайымдағанда адам түс көрер, Көп сөз айтылғанда ақымақ та сөз сөйлер».
3Егер Құдайға уәде берген болсаң, оны орындауды кешеуілдетпе. Солай еткен ақымақтарға Ол риза болмайды. Нені уәде еткен болсаң, соны орында!