NUR
Заңды қайталау 3
1Бұдан кейін біз бұрылып, Башан аймағына жоғары қарай өрледік. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп бізбен шайқасуға Едірейге аттанды.
2Ал Жаратқан Ие маған: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді.
3Сонымен Құдайымыз Жаратқан Ие Ог патшаны да, оның бүкіл жасағын да біздің қолымызға тапсырып, олардың бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастадық.