NUR
Заңды қайталау 21
1Құдайларың Жаратқан Ие сендерге иемденуге табыстап отырған елдегі ашық далада өлген кісінің сүйегі табылса және оны кім өлтіргені беймәлім болса,
2онда былай істеулерің керек: сендердің ақсақалдарың мен төрешілерің сүйек табылған жерге барып, оның маңайындағы жақын орналасқан елді мекендерге дейінгі қашықтықты өлшесін.
3Мұнан кейін сүйекке ең жақын жатқан елді мекеннің ақсақалдары ешқашан жұмысқа жегілмеген жас сиырды таңдап алсын.