NUR
Даниял 3
1Кейінірек Набуходоносор патша алтыннан бір мүсін жасатып, оны Бабыл аймағындағы Дура жазығына орнатуға бұйырды. Мүсіннің биіктігі алпыс, ені алты шынтақ болды.
2Оның салтанатпен ашылу рәсіміне Набуходоносор патшалығының аймақ әміршілерін, қолбасшыларын, әкімдерін, кеңесшілерін, қазынашыларын, төрешілерін және қала әкімдерін, яғни аймақтарының барлық билеушілерін, шақырды. Сол шақырылғандардың бәрі де патша орнатқызған мүсіннің алдында жиналып тұрған кезде
3жаршы қатты дауыспен былай деп жариялады: «Уа, күллі ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары, патшаның әміріне құлақ түріңдер!