NUR
Амос 5
1Уа, Исраил халқы, өздерің туралы айтатын мына қайғылы жырымды тыңдаңдар:
2«Құлады, енді қайтып тұрмайды Бұрын пәк қыздай болған Исраил халқы. Өз жерінде оған назар аудармайды, Ешкім де оны қайтып тұрғызбайды.
3Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мың жасақшысын аттандырған қалаға Қайта оралады тек жүзі ғана, Ал жүз адамын жіберген қалаға Қайта оралады тек оны ғана!»