NUR

Елшілердің істері 17

1Амфипол мен Аполлонияны аралап өткеннен кейін, елшілер Салониқаға жетті. Бұл қалада яһудилердің мәжілісханасы бар еді.

2Пауыл әдетінше мәжілісханаға барып, үш демалыс күні жамағатпен Киелі жазбаларға сүйеніп сөйлесті.

3Пауыл соларды түсіндіріп, Құтқарушы Мәсіхтің азап шегіп өліп, содан қайта тірілуге тиісті екенін дәлелдеді. Ол: «Мен сендерге уағыздап жүрген Иса — Мәсіхтің Өзі!» — деді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →