NUR
Патшалықтар 2 7
1Сонымен Дәуіт патша сарайына орнығып алды. Жаратқан Ие оған айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады.
2Сол тұста патша Натан пайғамбарға: — Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді.
3Натан: — Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Жаратқан Ие сізге жар болады, — деп жауап берді.