NUR

Патшалықтар 2 3

1Бұдан кейін Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулетінің арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Дәуіттің күші барған сайын арта түсіп, ал Саулдың әулеті әлсірей берді.

2Хебронда Дәуіттің мына ұлдары дүниеге келді: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді.

3Екіншісі — Хилеяба, ол кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелден туды. Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын.

Nur ilovasida to'liq o'qish →