NUR
Патшалықтар 2 23
1Мынау Дәуіттің соңғы өсиеті, Есей ұлының пайғамбарлық сөздері, Жақып сенген Құдай тағайындаған, Мәртебесін көтерген патшасының — Исраилдің сүйікті жыршысының Келер ұрпаққа қалдырған өсиеті.
2Мен арқылы Жаратқанның Рухы сөйледі, Аузымнан Оның сөзі шығып келді.
3Исраил арқа сүйер жартас — Құдай Маған бірде былай деп айтқан еді: Халықты әділдікпен басқарушы, Құдайды қастерлеп билік құрушы —