NUR
Патшалықтар 2 1
1Сонымен Саул патша қаза тапқан еді. Ал Дәуіт амалектіктерді жеңгеннен кейін Сикеләг қаласына қайта оралып, сол жерде екі күн болды.
2Үшінші күні Саулдың әскер қосынан біреу Сикеләгке келе қалды. Сол кісі қайғысының белгісі ретінде киімін жыртып, басына топырақ сеуіп алыпты. Ол Дәуіттің алдына келіп, жерге жығыла тағзым етті.
3Дәуіт: — Қайдан келдің? — деп сұрағанда, ол: — Исраилдік әскер қосынан келіп тұрмын. Жаудан қашып құтылдым, — деді.