NUR

Шежірелер 2 5

1Сонымен Сүлеймен Жаратқан Иенің киелі үйіне байланысты барлық жұмыстарды тамамдады. Мұнан кейін ол әкесі Дәуіттің Құдайға бағыштап дайындап кеткен нәрселерін де: күміс, алтын және түрлі бұйымдар мен жиһаздардың бәрін Құдайдың үйінің қазынасына апарып, сонда сақтап қойды.

2Сүлеймен Жаратқан Иенің Келісім сандығын Сион төбесіндегі Дәуіттің шаһарынан киелі үйге көшіруге арналған салтанатқа қатысуға Исраил халқының ақсақалдарын, барлық рубасылары мен әулет басшыларын Иерусалимге шақырды.

3Бүкіл Исраилдің адамдары жетінші айдағы Күркелер мейрамының кезінде патшаның қасына жиналды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →