NUR
Шежірелер 2 33
1Манаса патша болған кезде жасы жиырмада еді. Ол Иерусалимде елу бес жыл билік жүргізді.
2Манаса Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Осылайша ол Жаратқан Ие ежелде Исраил халқының алдынан елден қуып шыққан халықтардың жексұрын дәстүрлеріне еліктеді.
3Манаса әкесі Езекия кезінде қиратып тастаған биіктеу жерлердегі табыну орындарын қайта салғызып, Бағал атты жалған тәңірдің мүсіндеріне арналған құрбандық орындарын және Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды қайтадан орнатты. Сонымен қатар ол аспан денелерінің бүкіл тобына иіліп, құлшылық етіп жүрді.