NUR

Патшалықтар 1 27

1Бірақ Дәуіт іштей: «Қалайда күндердің күні Саулдың қолынан құримын. Ең жақсысы, тездетіп філістір еліне қашып құтылу. Сонда Саул мені бүкіл Исраилде іздеуін қойып, оның қолынан сытылып кетемін», — деп ойлады.

2Осылайша Дәуіт пен оның жанында жүрген алты жүз адам жолға жиналып, Ғаттың патшасы Мағох ұлы Анхұсқа қарай өтіп кетті.

3Олар Ғат қаласына Анхұстың жанына орналасты. Әрқайсысы өзінің отбасын ала келген еді. Дәуіттің екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен Набалдың жесірі кәрмелдік Әбигел де қасында болды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →