NUR
Патшалықтар 1 26
1Зифтің халқы қайтадан Гибеяда тұрып жатқан Саулға барып, Дәуіттің Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырында жасырынып жүргені туралы айтып берді.
2Саул қасына елдегі үш мың таңдаулы жауынгерді ертіп алып, Дәуітті іздеуге Зиф маңындағы елсіз аймаққа қарай аттанып,
3Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырындағы жолдың бойына қосын тікті. Елсіз қыратта жүрген Дәуіт өзін Саулдың іздеп, соңына түскенін ұғынды.